«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ – 2025» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ!
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде.
Акцияның басты мақсаты — көмекке мұқтаж балаларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету.
Акция аясында оқушыларға:
- мектеп формасы,
- аяқ киім,
- сөмке,
- кеңсе тауарлары және өзге де қажетті заттар табысталады
Көмек көрсету – әркімнің қолынан келеді!
Егер сіз өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау білдіргіңіз келсе — өзіңіздің мектебіңізге немесе жергілікті білім бөліміне хабарласыңыз.
Жақсылық кішкентай істерден басталады. Әр бала жаңа оқу жылын қуанышпен әрі сеніммен бастай алсын!
Қайырымдылық танытқан демеушілер мен жүрегі кең жандарға алғысымыз шексіз!
Осы жаңалықпен бөлісіп, өзгелерді де жақсылыққа шабыттандырыңыз!