Бүгін лагерьде «Табиғат күні» қызықты әрі мазмұнды өтті. Күн таңғы сергіту жаттығуларынан басталды. Одан кейін медбике балалармен қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме жүргізіп, бейтаныс адамдарға ермеу, көшеде және табиғат аясында сақ болу керектігін түсіндірді. «Табиғат күніне» орай балалар Травянка су айдынына экскурсия жасап, туған өлкенің әсем табиғатымен танысты. Сонымен қатар «Оригами» үйірмесіне қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады. Күн бойы түрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар көтеріңкі көңіл-күймен уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізді.
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Успен ауданы білім беру бөлімінің
«Белоусов жалпы орта білім беру мектебі» КММ КГУ «Белоусовская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Успенского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Успен ауданы білім беру бөлімінің
«Белоусов жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ «Белоусовская средняя общеобразовательная школа»
отдела образования Успенского района, управления образования Павлодарской области




